28 ақпан күні «Ертіс» спорт базасында облыстық колледж спартакиадасы аясында студенттер арасында шаңғы жарысы өтті. Бұл старттарға біздің команда қатысты. Арина Соколова жеке біріншілікте 2 шақырым қашықтықты 8 минут 13 секундта бағындырып, бірінші орынды иеленді. Құрамында: Соколова А., Фащевская Д., Феистова М., Арынғазинова Д. бар қыздар командасы командалық есепте төртінші болды. Команданы З.Т.Акижанова дайындады.

  • 01 мар, 2024