19.04.2024 ж. в 212 тобының студенттері "Вагонсервис" акционерлік қоғамының жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Ақмола филиалының Павлодар учаскесіне барды. Студенттерге экскурсияны тәжірибе жетекшілері А. Б. Жекенов, Б. К. Шаймарданова жүргізді.
"Вагонсервис" АҚ қызметінің негізгі түрлері техникалық қызмет көрсету, ағымдағы ағытып жөндеу (ТОР) және жолаушылар вагондарын жабдықтау болып табылады.Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынмен, оның өндірістік учаскелерімен және вагон элементтерін жөндеу цехтарымен танысты.

  • 19 апр, 2024