"Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК студенттері Д. Каратаева мен Д. Рыспаева 07.12.2020  күні Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөліміне шақырылды

Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда 2020 жыл волонтер жылы деп жарияланды. Біздің білім алушылар Д. Каратаева мен Д. Рыспаева еріктілікке, мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсетуге елеулі үлес қосты және алғыс хаттармен марапатталды.

Волонтерлік қызметке белсенді қатысқаны үшін "Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі" ШЖҚ КМК студенттері Д. Каратаеваға және Д. Рыспаеваға, Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөліміне және Павлодар станциясындағы ЛОП ювеналдық полиция тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Д. Б. Койшинге алғыс білдіреміз.

 

 

 

  • 07 дек, 2020