1 қыркүйек күні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Колледж дәстүрлі түрде студенттерге есігін айқара ашты. Биылғы оқу жылында колледж 9, 11 сыныптар мен ТжКБ негізінде 266 студентті қабылдады. Бұл бірінші курс студенттері үшін ерекше күн болды, себебі олар бүгінде студент атанып, үлкен өмірге қадам басты – олар өздерінің болашақ мамандығын таңдап, біздің колледждің бір бөлігі атанды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы «Әділетті Қазақстан – адал азамат» Ұлттық құрылтайындағы тапсырмасына сәйкес «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қабылданып,барлық білім беру ұйымдарында әзірленіп, жүзеге асырылды.Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде студенттерде түлек моделін анықтайтын негізгі құзыреттіліктер қалыптасуы керек.Колледж басшысының тәжірибе жөніндегі орынбасары Ахметшаихов Асқар Әнуарбекұлы студенттерді, ата-аналарды және ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Студенттерге шығармашылық пен оқуда табыс тіледі.Сонымен қатар салтанатты жиынға ардагер ұстаз Анисимова Евгения Степановна мен колледждің әлеуметтік серіктестігі «Қазтеміртранс»АҚ Павлодар филиалы бойынша вагон паркі бөлімшесінің басшысы- Давлятчин Ерлан Меңдіғалиұлы шақырылды.