Құрметті блог пайдаланушылары!

     Мен Сіздерді облыстағы жетекші оқу орындарының бірі – Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің сайтында көргеніме қуаныштымын.

     Колледж өзінің білім беру қызметінде 36 жыл бойы біз мақтан ететін он екі мыңнан астам жас мамандардың кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына үлес қосып келеді.

     Бүгінгі күні түлектеріміз көлік, жол, телекоммуникация салаларында табысты қызмет етуде, олар әрдайым мақтанышпен «Мен ЖЭжКК-да оқыдым» деп айтып жүреді.

     Біздің игілігіміз – біліктілігі жоғары ұйымшыл педагогикалық ұжым, мықты материалдық-техникалық база, сондай-ақ, жылдар бойы жинақталған кәсіптік-техникалық білім берудің дәстүрлері. 

     Біз заман ағымына сай үнемі өзгеруге және студенттерімізбен бірге тек алға ғана жүруге дайынбыз.

Құрметпен, колледж басшысы – Марат Жанатұлы Нығметов

Байланыс: тел. 8 (7182) 338733, e-mail:pktik@bk.ru

Өмірбаян

Нығметов Марат Жанатұлы Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің директоры лауазымына 2012 жылғы 18 қаңтардан бастап кірісті.

Марат Жанатұлы 1963 жылы 30 қарашада Павлодар облысының Баянауыл ауданы, Жаңатілек ауылында туды. Қарағанды мемлекеттік университетін биолог, биология және химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Педагогикалық жұмысын 1986 жылы Баянауыл ауданында, Жаңатілек ОМ биология пәнінің мұғалімі,  1990 жылы – Шөптікөл мектеп-интернатының директоры  болып бастады. 

2000 жылы – Екібастұз қаласының № 18 ОМ оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары. 

2001 жылы - Екібастұз қаласының № 15 ОБМ директоры болып тағайындалды. 

2003 жылы – Екібастұз қаласының білім беру бөлімінің бастығы.

2009 жылы Екібастұз қаласының ИнЕУ колледжінің директоры болып тағайындалды.


Мынадай марапаттары бар: "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгісі, 2008ж. облыс әкімінің Құрмет грамотасы, 2008ж. қалалық маслихаттың алғыс хаты, 2006ж., білім басқармасының Құрмет грамотасы 2013ж., медаль "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл", 2016ж.  ҚР БҒМ құрмет грамотасы, 2017ж.

Біліктілігін арттыру курстары: 2016 ж "Кәсіпқор" холдингі "ҰАҚ" ТжКБ жүйесінің жаңа формациядағы педагогы", 2016 "Заманауи педагогикалық менеджмент негізінде ТжКБ оқу орындарында оқыту сапасын арттыру" РҒМО АҚ, 2016 "Кәсіпқор" холдингі ҰАҚ " арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту ерекшеліктері мен енгізу әдістемесі".   2017 ПМПИ " Өзін-өзі тану: теория және тәжірибе ".       2017  "Алматы Менеджмент Университеті" ҚБ " ТжКБ ұйымдарын тиімді басқару. ISO 9001 халықаралық стандарты негізінде білім берудегі сапа менеджменті жүйесі". 2019  жыл "Кәсіпқор" Холдингі "КЕАҚ"  ҚР техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кәсіпкерлік қызмет жүйесін және қаржылық-құқықтық сауаттылықты дамыту". 2020 "НЗМ" ДББҰ "оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту" . 2020 ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында "Өрлеу" БАҰО "АҚ" Биология "және" жаратылыстану " пәндері бойынша курстар. 2020 «Талап» КЕАҚ «CLIL, TBLT әдістерін және BOPPPS моделін пайдалана отырып, арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту» /72 сағат/ 2021 «Сапа мамандарын сертификаттау орталығы» ЖШС ТжКБ мұғалімдеріне арналған «SAPA» курсы «Ағылшын тілі» А-1 бағдарламасы деңгейіне (CEFR) 2021 сәйкес 120 сағат көлемі. «Талап» КЕАҚ «Жас Маман» жұмысбасты шенберінде «Техникалық және орта білімнен кейінгі білім алу үйымдарын өзгерту негізгі рөл: халықаралық таж Ирландия (135 сағат) 2022 ж. «Талап» КЕАҚ «Білім берудегі менеджмент» 72 с.

Өмірлік ұстанымы: «Егер болсаң, қозғалыста бол, егер қозғалыста болсаң,  тек алға жылжы».

  • 19 авг, 2019