23 мамырда терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша сынып сағаттары өтті.
Студенттер террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауды күшейту шараларын көздейтін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының кейбір баптарымен танысты.

 

 

Біздің оқу орны басқа да білім беру ұйымдары тәрізді адамдар көп жиналатын объектілер қатарына кіреді.  
Сынып жетекшілері студенттерге ескерту жүйесінің қажеттігі, оның жұмыс принципі және адамдарды эвакуациялау шаралары қалай жүзеге асырылатындығы туралы ақпарат берді.  Студенттер террористік акт немесе өзге де адам құқығына қарсы іс-әрекеттер қаупі туындаған кезде азаматтардың өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы нұсқаулықтармен танысты.

  • 23 мая, 2022