21 қараша күні 2022 « Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің» «Бір колледж-бір кітап» акциясы аясында «Оқуға кұштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру жөнінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Омарова К.А. мен кітапхана кызметкері Мейрханова Б.С. 1 курстың А-112 тобы студенттерімен «Ахмет Байтұрсынов-ұлттың ұлы ұстазы» атты шығармашылық-викториналық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Ұлы тұлғалардың өмір жолын дәріптеу, ұлттық әдебиетке оқырман қызығушылығын қолдау және дамыту,студенттерді кітапханаға тарту. А-112 тобының студенттері А.Байтұрсыновтың өмірбаяны және шығармашылығымен презентация арқылы танысып, викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенді қатысты.