Білім берудің 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығын, оқу орнының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын орындау үшін, 2022 жылғы 2 және 3 маусымда Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі базасында қорытынды аттестаттау шеңберінде WorldSkills стандарттары бойынша «Ақпараттық кабельдік желілер» (02 «Information Network Cabling») құзіреттілігі бойынша  демонстрациялық емтихан өткізілді.

Кәсіби білім беру ұйымдарының білім алушыларын мемлекеттік қорытынды аттестаттау рәсіміне демонстрациялық емтихан форматын енгізу - бұл қосымша рәсімдерді өткізбестен, кәсіптік білім беру жүйесі мен еңбек нарығының бірнеше міндеттерін шешуге ықпал ететін кадрларды даярлау сапасын тәуелсіз бағалау моделі.

Ағымдағы оқу жылы WorldSkills  стандарты бойынша демонстрициялық емтиханда біздің білім беру ұйымынан 6 түлек қатысты. Олар 130600 0 «Радиоэлектроника  және байланыс» мамандығы бойынша Абдуходжаев Н.Ы., Каиржанов Д.Д, Самат А.С., Болатов Т.Г., Семченко М.И., Тлегенов Д.Н.

Демонстрациялық емтихан колледждің арнайы пәндер оқытушысы Гордеева Т. Ф. әзірлеген конкурстық тапсырмалар бойынша «Ақпараттық кабельдік желілер құзыретінің «Техникалық сипаттамасы» (02 «Information Network Cabling») талаптарын ескере отырып өткізілді.

  

Студенттер демонстрациялық емтихан кезінде талшықты - оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) учаскесін монтаждауды орындады, берілген сызбаға сәйкес оптикалық талшықтарды дәнекерлеуді жүргізді, «Ақылды үй» модулі бойынша клиенттік жабдықты инсталляциялауды орындады, роутерді, маршрутизатор мен бейнекамераны баптады.

 

 

Белгіленген уақытта тапсырманың сапасы мен орындалуын емтихан комиссиясы және тәуелсіз сарапшылар бағалайды. Олар «Қазақтелеком» АҚ «Дивизион желі» бірлестігінің Павлодар қолжетімділік желісін пайдалану департаментінің басшылары мен бас мамандары: Мүбараков К.А. – жергілікті желілерге техниалық қызмет көрсету Орталығының басшысы, Погудин С.В.- жергілікті желілерге техниалық қызмет көрсету Орталығының аға инженері,  Қуанышбекова С.К. – мультиабонененттік қолжетімділік құрал-жабдықтарына техникалық қолдау жасау бөлімінің басшысы; «Қазақстан Алюминийі» АҚ Сербен М.А. - телекоммуникация  және байланыс бойынша  инженер; Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің ұстазы  Гордеева Т.Ф.

Демонстрациялық емтихан -  студенттер үшін де, ұстаздар үшін де жаңадан енгізілген және өте күрделі сынақ.

Студенттер дайындықтың жоғары деңгейі мен шеберліктерін көрсетті және нәтижелері бойынша жоғары бағалар алды.

  • 03 июн, 2022