15 қарашада Жұмыс берушілер күні Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында әлеуметтік серіктестердің кездесуі өтті. Іс-шара Павлодар облысы білім басқармасының басшысы С.О. Айтқазинаның және Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен диалог алаңы форматында өткізілді. Диалог барысында дуальды оқыту нысаны бойынша білім алушылардың үлесін арттыру, педагогтердің тағылымдамаларының заманауи бағдарламаларын әзірлеу есебінен мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелері көтерілді. Өз кезегінде тәжірибелі басшы кәсіпорындар өз білімдерін колледждің болашақ серіктестерімен бөлісті. Сондай-ақ, "Қазақавтожол" ЖШС Павлодар облыстық филиалымен жол құрылысы саласы үшін кадрлар даярлау саласында қамқорлық туралы Меморандумға салтанатты түрде қол қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге Ағарту Министрлігінің, Білім басқармасының және колледждің алғыс хаттары табысталды.

 

  • 15 ноя, 2022