2022 жылдың 21 сәуірінде Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында «Baby Skills» сайысы түрінде «Жас химик» үйірмесінің отырысы өтті.

Павлодар қаласы мектептерінің үшінші-бесінші сынып оқушылары арасында «Көңілді химия» құзыреттілігі бойынша іс-шара ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ерте бастан мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру: химияның күнделікті өмірімізбен қаншалықты тығыз байланысты екенін көрсету; химия бойынша білім қоры аз болса да танымдық қызығушылықты дамыту; төменгі сынып оқушыларының кәсіби дағдыларды меңгеруде бәсекеге түсуіне мүмкіндіктер жасау; ұқыптылыққа тәрбиелеу; қауіпсіздік ережелерін сақтау; химия пәнінің «жалықтырмайтынын» көрсету.

Байқауға келесі мектеп шәкірттері қатысты: № 27 ЖОББМ - Болат Даная, Бондаренко Милана, Решетникова Лиза, Брехова Вероника; №11 ЖОББМ -Нефедова Диана;  № 43  ЖОББМ - Соколова Арсения.

 

 

  

Әр қатысушыға үйірменің екі мүшесі бекітілді. Сайыстың кішкентай қатысушылары тәлімгер-үйірме мүшелерінің жетекшілігімен тапсырмаларды қызығушылықпен әрі жауапкершілікпен орындады.

Іс-шараны С-121 тобының студенті Назымкен Айзада  және Химия пәнінің мұғалімі Мулярчик Т.А. жүргізді. «Ақылды йод», «Затты иісіне қарап анықтау», «Заттардың құрамын анықтау», «Минералканы өз қолыңмен жаса», «5 минутта тот басқан шеге», «Сөзді тап» тәрізді қызықты ойындар ұйымдастырылды.«Ғажайыпты өз қолыңмен жаса» тапсырмасын қатысушылар ерекше ынтамен орындады. Нефедова Милана (А-111) және Кононенко Алексей (А-111) «Күміс айна реакциясы» тәжірибесін, ал Тоқтасымов Назар (А-111) «Жылан» тәжірибесін ортаға салды. Қатысушылардың барлығы ерекше шығармашылық ынтамен ат салысты.

Құрамында №27 ЖОББМ мұғалімі - Шоқанова Жанна Төлегенқызы, «ЕТ және БҚ» бөлімі меңгерушісі - Калмыков Юрий Анатольевич,  «Жалпы білім беру пәндері» циклдық комиссия төрағасы Баяхметова Қайырпану Сайлаубайқызы, Информатика мұғалімі - Шунтиева Аяжан Мадиқызы, Ақпараттық технологиялар бойынша орынбасар - Нұрғожина Жанара Оралбекқызы бар қазылар алқасына үздіктерді анықтау оңайға соқпады.

Іс-шараның нәтижесінде Калмыков Ю.А. және Баяхметова К.С. чемпионаттың жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Әрбір ойынның нәтижесі болатындай, соңынан үздік химиктер анықталып, оларға дипломдар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Соколова Арсения (Бегей А., Айдарханова З.), Брехова Вероника (Рамазанова А., Орынбаев Б.), Болат Даная (Токтасынов Н., Гриценко Д.) арнайы дипломдармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.

1 орын – Нефедова Диана (Кононенко А., Нефедова М.); 2 орын - Бондаренко Милана (Окунева Ю., Держаева Н.), 3 орын – Решетникова Лиза (Зеленков И., Амельков М.)

Чемпионат барысында «Мамандықты қозғалыс бойынша анықта» ойыны ойнатылды. Сондай-ақ мектеп оқушылары оқу орнымен танысып, қандай мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтынын білді. Балалардың назарына колледж туралы бейнеролик ұсынылды.

Іс-шара химияның күнделікті өмірімізбен, балалардың мүмкін болатын болашақ мамандығымен байланысын көрсетуге арналған. Қоғамның белсенді азаматтарын қалыптастыру, олардың бастамасы мен қабілеттерін дамыту мектеп жасынан басталатындықтан, ерте кәсіптік бағдар беру тақырыбы  өзекті болып отыр. Бұл шара қатысушылардың есінде ұзақ уақыт сақталары сөзсіз.

  • 22 апр, 2022