2022 жылдың 31 наурызы күні колледжде «химиктер» қатарына қабылдауға қатысты 1 курс студенттерінің: С-111, В-111, С-121, А-111 топтарында «Жас химик» үйірмесінің кезекті отырысы өтті.

Іс-шара ойын-сайыс түрінде ұйымдастырылды. Студенттер тобы екі командаға бөлінді. Топ өкілдері дұрыс жауап үшін балл ала отырып, кез келген бөлім бойынша таңдалып алынған сұраққа жауап беруі керек болды.

Қазылар алқасы құрамына үйірменің бұрынғы мүшелері ПМЭ -319 тобының 3 курс студенттері: Тоқпаев Д, Қасымов А, Болатхан А, Елгин В. шақырылды. Қатысушыларды бағалау оңайға соқпады, өйткені олардың әрқайсысы жеңіс үшін барын салды. Барлығы да өз білім-білігін мүмкіндігінше ортаға салды. Аудитория бір минут те үнсіз қалмады: жүргізушілердің сауалдары, студенттердің жауабы, жеңімпаздардың қуанышты дауыстары бәрі де болды.  Өзара әділ бәсеке осылай болса керек-ті! 

 

Студенттерге  қызықты тәжірибелер көрсетілді: Гриценко Д. (В-111) «Судан шарап өңдеу» тәжірибесін ортаға салып, кері байланыс, яғни  соңынан «сүт» алды; Шляхов В. (В-111) және Орынбаев Б. (В-111) «Жанартау», ал Зеленков И. (В-111) және Амельков М. (В-111) «Жыландар» тәжірибесін көрсетті. Соңынан Зеленков Илья (В-111) өз орындауында гитарамен ән салып, тосынсый жасады.

Әрбір ойында ең ақылды химиктер анықталды.  Қыздар командасы жеңіске жетті. Оларға тәтті сыйлық табысталды. Сонымен қатар балл саны аздап жетпей қалған команда да ұмыт қалған жоқ, оларға да тәтті жұбаныш сыйлығы берілді. Қатысушылардың барлығы да уақытты қызықты өткізді. Соңынан достық жеңді деген қорытынды жасалды.

Іс-шараны ұйымдастыруға мұрындық болған үйірменің старостасы Нефедова Миланаға (А-111) жеке алғыс білдіреміз. Ол Химия пәнінің мұғалімі Т.А. Мулярчикпен бірге іс-шараны жүргізді.  

Қатысушылардың барлығы бір мезетте ант беріп, майшамды жағуы (дәстүр бойынша) және өзі туралы әңгімелеп беруі - ең қызықты сәт деп айтуға болады. Мұндай конкурстар мен викториналардың студенттердің ой-өрісін кеңейту үшін берері мол екенін айта кету ләзім. Студенттер өз білімдерін тексеріп, дамытып қана қоймайды, сонымен қатар өздеріне жаңа достар табады.

                                                                  Химия пәнінің мұғалімі Мулярчик Т.А.

  • 04 апр, 2022