2022 жылдың 18 мамырында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде жастар арасында суицидтің алдын алу бойынша тақырыптық әңгіме өтті. Кездесуді Дағдарыс орталығының психологы  Шиман Светлана Геннадьевна жүргізді. Іс-шараға 80 студент (1 – курс (П-111, В-111, С-111, С-121, А-111) қатысты.

 

Әңгіме аясында суицид мәселесі, адам өмірінің құндылығы, суицид түрлері және оның  алдын алу механизмдері туралы мәселелер қозғалды. Сондай-ақ, жиналғандар қазіргі өмір жағдайындағы психологиялық денсаулықтың маңыздылығын түсіндіріп, күрделі эмоционалды жағдайда қандай шаралар қолдану керектігі туралы пікір алмасты. Өмірлік қиын жағдайларда жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету үшін құрылған сенім телефондарының нөмірлерін қатысушылар қойын дәптерлеріне түртіп алды. 

  • 18 мая, 2022