Біздің колледждің 3 курс студенттері үшін 2020 жылдың 27 қазанында "Бизнесмен жолы" атты акциясы аясында ZOOM платформасында өңірдің жас кәсіпкері Александр Гаглоевтің қатысуымен онлайн-конференция өтті.

Конференция барысында Александр бизнесті құру бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, жұмыстың негізгі сәттерін, кәсіпкерлік қызметті жүргізудегі ықтимал кедергілер мен қиындықтарды атап өтті. Біздің студенттер А. Гаглоевтің сөзін қызығушылықпен тыңдап, бизнестің өзектілігі, тиімділігі және табыстылығына қатысты сұрақтар қойды.

  • 28 окт, 2020