2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын іске асыру, "Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығын орындау мақсатында, 19.04.-20.04.2022 күндері аралығында «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» «Павлодар магистралдық желі бөлімшесі» филиалының ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығында WorldSkills Pavlodar - 2022 Аймақтық чемпионатының шеңберінде "Темір жолдардың күйін бақылау" құзыреттілігі бойынша презентациялық конкурс өткізілді.

Колледж қызметкерлері Павлодар жол дистанциясы кәсіпорнының кәсіптік стандарттар мен технологиялық карталар негізінде, WorldSkills Kazakhstan - 2022 қозғалысын дамыту департаментінің кеңес беруімен "Таlар" КЕАҚ қатысушылар үшін презентациялық конкурс тапсырмаларын әзірледі.

 

 

  

 

WorldSkills стандарттары бойынша презентациялық конкурсқа П-319 тобынан 07320800 "Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы" мамандығының 3 студенті қатысты: Жильгильдинов Әлімжан, Жұмабек Айдын, Қуан Тілеген және Тореханов Ренат.

Осы құзіреттілік талаптарына сәйкес колледждің арнайы пән оқытушысы С.Н.Кожиков әлеуметтік серіктестер өкілдерімен кеңесе отырып, презентация байқауы өткізілген конкурстық тапсырмалар әзірледі. Конкурс сәтті өткізу үшін материалдық-техникалық базаны дайындауға А.Б.Жекенов, С.Н.Кожиков белсенді қатысты.

Презентациялық конкурс кезінде студенттер өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын: темір жол мен бағыттамалы бұрмаларды аспаптық тексерудің және заттай тексерудің технологиялық картасын әзірлеуді, бағыттамалы бұрманың геометриялық параметрлерін өлшеуді, бағыттамалы бұрманы ПШВ штангенциркульмен тексеруді орындауды, КОР әмбебап шаблонымен өлшеуді және бағыттамалы бұрманы көзбен шолып тексеруді және басқаларын көрсетті.

Емтихан комиссиясы мен кәсіпорындарының бас мамандары арасынан тәуелсіз сарапшылары «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» «Павлодар магистралдық желі бөлімшесі» филиалының ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының бастығы Смаилов М.Қ., Павлодар жол дистанциясы «Павлодар магистралдық желі бөлімшесі» «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компаниясы» бастығы Искаков Қ.М., оқу өңдірісінің шебері Айгожин Н.Р., өлшеу бойынша шебері Мещанов С.А. және ЖЭжКК өкілдері белгіленген уақыт ішінде студенттердің тапсырманың сапасы мен орындалуын бағалады.

Нақты өндірістік жағдайда конкурс «Темір жол жолының жағдайын бақылау» құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сайыс өз деңгейінде өтті.

  • 20 апр, 2022