23 – 24 желтоқсан күндері  ЖЭжКК спорт залында волейболдан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және колледждің 40 жылдығына арналған турнир өтті.

 

Сайыс ЖЭжКК әлеуметтік серіктестері – «Қазпрофтранс» ҚБ Павлодар филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.  Біздің команданы қосқанда 3 кезеңге бөлінген турнирге барлығы 7 команда қатысты. 1 кезең – алдын ала ойындар, 2 кезең – «Қазпрофтранс» бөлімшелерінің командалары арасында жеңімпаздарды анықтау және финал – ЖЭжКК  кубогы үшін матч!

Спорттық тартыс пен өзара сыйластық жағдайында өткен додалы байқауда турнир жеңімпаздары анықталды: «Қазпрофтранс» ҚБ жол бөлігі командасы жеңімпаз деп танылды.

ЖЭжКК кубогы үшін өткен кездесуде колледж студенттері мен теміржолшылар командасы кездесті. Бұл ойында екі жақтың спорттық тәжірибесі тең түсті.

Біздің команда 2-ші орынға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және тиісті дәрежедегі грамоталармен марапатталды.  Әлеуметтік серіктестер жаңадан құрылған командаға сыйлық ретінде волейбол добын тарту етті.  Мерекелік атмосфера мен спорттық эмоция  қатысушылардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз! ЖЭжКК 40 жылдығы құтты болсын!!!

  • 27 дек, 2021