2022 жылдың 28 сәуірінде колледж аумағында және ғимараттарында жоспардан тыс өрттің алдын алу, қызметкерлер мен студенттерді эвакуациялау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде штаттан тыс жасақтардың әрекетін тексеру бойынша оқу-жаттығулар өткізілді.
Сағат 12.37-де оқу ғимаратында имитацияланған өрт туралы дабыл берілді. Нәтижесінде барлық топтар ұйымдасқан түрде жұмыс істеді, тұтану ошағы жойылды. 3 минут ішінде 200 студент, 85 оқытушы және колледж қызметкерлері қауіпсіз жерге көшірілді.
Санитарлық посттың командирі Г.А. Басамбаева және өрт сөндіру жасағының командирі А.Б: Жекеновтің жұмыстары ерекше аталып өтілді.