Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Оқушылар сарайында Павлодар облысының колледж студенттері мен оқушылары арасында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. 
Лауреаттар қатарында Жоғары электроника және коммуникация колледжінің екінші курс студенттері (ОП-220 тобы) де  бар: 
-    «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша - Игорь Бойческо;
-    «Спорттық шеберлік» номинациясы бойынша – Соколова Арина.

 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Құрманова А.А. лауреаттарға «Тәуелсіздік ұланы» төсбелгісін және 50 АЕК көлеміндегі сертификаттарды табыс етілді. 
Сыйлық иегерлерін құттықтаймыз және табыс тілейміз!

  • 23 дек, 2021