Қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай (Әбілмансұр) ханның туғанына 310 жыл атты орталық қалалық кітапханасының Олжас Сүлейменов атындағы оқу залында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің 1 курс студенттері «Елдіктің, еркіндіктің туы - Абылай» тарихи кешіне қатысты. Шара барысында ардагер ұстаз, «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы – Жұматов Ермек Сағымбайұлы, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы -Тұрышев Айтмұхамбет Қасымбайұлы, сонымен қатар тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Жүсіпов Естай Қуандықұлы сияқты азаматтар да ұйымдастырылып отырған  кешке қатысып, қазақ хандығы билеушілерінің бірі Абылай өзін аса көрнекті мемлекет қайраткерлеріне тән қасиеттерімен көзге түскендігін, өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мелекеттілігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнағандығын, сөзге ұста,қайсар Абылай сұлтан Түркістан билеушісі Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келгенін, халықтың қолдауымен шексіз билікке ие болғандығы жайлы пікірлерімен бөлісіп, ешбір ханның Абылайдан шексіз билікке қолы жеткен жоқ екендігін айта кетті.

А.Д. Сансызбаева

  • 09 фев, 2023