Мамандықтың сипаттамасы

 

Шифр
Мамандықтар
Оқу мерзімі
10410200
«Темір жолкөлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
(4S10410205 тасымалдауды үйымдастырушы технигі)
2 ж. 10 ай,
3 ж. 10 ай
  (3W10410204 тасымалдау құжаттарының операторы)  
  (3W10410201 4-ші және 5-ші кластардың темір жолстансасының кезекшісі)  

Біліктілігі техник орта буын маманының кәсіптік қызметінің әрекеті:

- жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру;

- өнеркәсіптік темір жол көлігі және магисральді бөлімшелердегі қозғалысты ұйымдастыру;

Біліктілігі техник орта буын маманының кәсіби маманның іс-әрекеті түрлері:

- бөлімше желісіндегі темір жол көлігінің маневрлік және поезд жұмысын қадағалап, басқару;

- поезд қозғалысы кестесінің орындалуын қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздігі, жылжымалы құрамның және жүктің сақталуы;

- стандартты емес жағдайда қозғалысты басқару бойынша тиімді шешім қабылдау;

- поезд хабарламасын мен тасымалдау құжатын өңдеу, санақтық-есептік құжаттама жүргізу;

- бөлімшелер жумысын шұғыл түрде ұйымдастыру және жоспарлау;

- бұрмалы технологияны тасымалдау үрдісінде және техникалық құралдарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

- техника қаупсіздігінің орындалуын қамтамасыз ету.

 

Білім алушыларды дайындау деңгейіне қойылатын талаптар

Білім алуда оқыту бағдарламасын меңгеру қорытындысында білім алушыларды дайындаудың жоғары деңгейіне қойылатын талаптар:

- кәсіптік қызметінің негізі турлеріне сәйкес, кәсіптік құзыретіне ие болуы керек:

КҚ 1. Конструкторлық – жобалау, технологиялық құжаттарды ресімдеу;

КҚ 2. Поезд және тасымалдау жұмыстары бойынша әр түрлі техникалық есептерді орындау;

КҚ 3. Қаусіпсіздік техникасы мен қозғылыс қауіпсіздігін бұзушылықтарының  алдын алу іс-шараларын өткізу;

КҚ 4. Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйксінің негізгі құжаттарды мен ережелерін қолдану;

КҚ 5. Өнімдер мен үрдістердің негізгі түрлеріне нормативтік құжаттардың талаптарын қолдану;

КҚ 6. Экобиоқорғаныс пен қарсы техниканы қолдану;

КҚ 7. Кәсіби қызметте бейімделу үшін қажетті экономикалық ақпаратты қолдану;

КҚ 8. Сапа жүйесі құжаттарын қолдану;

КҚ 9. Сигнал мен байланыстың әр түрлі құралдарында поезд қозғалысын басқару.

Білім алуда оқыту бағдарламасын меңгеру қорытындысында білім алушыларды дайындауың орта буын маманының деңгейіне қойылатын талаптар:

- мамандар біліктілігі деңгейіне сәйкес жалпы оқу-тәрбие үрдісінде қалыптасқан арнайы құзыретіне ие болуы керек:

АҚ 1. Кәсіби қызмет ширегінде мәселерді өзіндік және тиімді шешу, орындалған жұмысқа жауапкершілікті алуға дайын болу;

АҚ 2. Ақпараттық технологияларды қолданып, тасымалдау үрдісің мәселелерін шешу;

АҚ 3. Қауіпсіздік техникасы мен қозғалыс қаупсіздігін бұзушылықтарының алдын-алу іс-шараларын өткізу;

АҚ 4. Кәсіби жағдайда жүйелік шешімге, өз әрекетін жобалау және сараптауға, стандартты емес жағдайда өзіндік әрекетке дайын болу;

АҚ 5. Жылжымалы құрамның жүкті тиеу-түсіру механиздерінің қажетті санын анықтау;

АҚ 6. Негізгі экономикалық есептеулерді орындау және жылжымалы құрамның қолданылуын сараптау;

АҚ 7. Поезд және тасымалдау құжаттарын өңдеу және ресімдеу;

АҚ 8. Поезд қозғалысы кестесі мен станса жұмысының тәуліктік жоспар-кестесін әзірлеу және құрастыра білу;

АҚ 9. Көлік қызмет нарығын жобалау және зерттеу;

АҚ 10. Өздігінен дамудың берік талабын (өздік сана-сезім,бағалау,бақылау,реттеу,даму) меңгеру; шығармашылық өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

АҚ 11. Кәсіби лексиканы білу, әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда кәсіби мақсаттарды тәжірибе жүзінде шешуге дайындық.