Мамандықтың сипаттамасы

 

Шифр
Мамандықтар
Оқу мерзімі
Күндізгі бөлім
Сырт тан оқу
бөлімі
 11  сы-нып
негізінде
 9 сынып
негізінде
11 сынып
негізінде
07320800
"Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы"
(4S07320803 техник-жолшы, құрылысшы)     
3 ж. 10 ай
2 ж. 10 ай
2 ж. 10 ай
  (3W07320801 темір жолдарды ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу жөніндегі шебері)      

Техник-құрылысшы  жолдар бөлімінің жол бөлімдерінде жолды жөндеу және күту бойынша, жол қашықтықтарын, жол машиналарын, ақаулы жол зертханаларында, жол өлшеуіш вагондарда теміржол көлігінде жол шеберінің технигі, құрылыстық өндірістердің шебері, геодезист, құрылыс зертханаларының зертханашысы қызметінде жұмыс істеу үшін дайындалады.

Техник-құрылысшы: темір жол көлігінің дамуын, теміржол жолының құрылымын, жолды күтудің нормалары мен техникалық жағдайларын, жолды жөндеудің және жолды ағымдағы күту бойынша технологиялық жұмыстарды және ұйымдастыруды және құрамын, геодезиялық құрылғылардың құралдарын және онымен жұмыс істеуді, жол машиналары мен механизмдердің жұмыс істеу ережелерін және құрылғыларын, рельстік ақаукөргіштердің жұмысын және құрылғысын, темір жолдардың техникалық пайдалану ережелерін білуі керек.

Техник-құрылысшы: жолды жөндеуді және күнделікті күту бойынша жұмыстарды орындауды, көлденең және бойлық кесінділерді құруды, рельстік ақаукөргіштерді, жол машиналары мен көлік құралдарын тиімді пайдалануды, жолдың бұзылған жерлерін және  олардың пайда болу себептерін анықтауды, жол бригадалары мен лектерінің жұмысын ұйымдастыруды, еңбек қорғауды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, ғимараттың құрылымдық бөлшектерін жобалауды, жоспардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді, құрылыс-құрылымдық жоғары сапасының жұмыстарын, жұмыстың орындалғанына техникалық құжаттарды құрастыруды, құрылыстық құрылымдардың және есептеулердің білуі керек.