Біліктілігі: экономист-бухгалтер
Шифр |
Мамандықтар |
Оқу мерзімі |
04110100 |
"Есеп және аудит " |
1 ж.10 ай |
МАМАН: терең және берік кәсіби білімді, таңдап алған мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларды, қоғамдық құбылыстарды шығармашылықты бағалауды, радикалды экономикалық реформа жағдайында елдің алдында тұрған міндеттерді іске асыруға белсене қатысуды, қоғамдық өмірді демократияландыру және саяси жүйенің түбегейлі қайта құруды, пікірге сенушілікті жоғары мәдени және өнегелілікпен байланыстыруды игеруі керек.
Кәсіптік қызметтердің түрлері:
- негізгі заңдар, экономика негіздері, ұйымды, өндірісті жоспарлау және басқару, шаруашылық есептердің әдістері, шаруашылық істердің талдауын және есептеу жүйесі, әртүрлі учаскелерде заманауи есептеуіш техникасын қолдану арқылы бухгалтерлік есептеулер жұмысын орындау; материалдық жауапкершілікті адамнан келіп түскен алғашқы құжаттарды бақылауды және қабылдауды жүргізу; тауарлы-материалдық құндылықтарды және ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты болатын, бухгалтерлік операцияларды көрсету; әртүрлі төлемдер мен жарналарды аударуды және есептеуді, капиталға салуды ақшалай қаржыландыру, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеу, салықтарды және басқа да төлемдерді, сондай-ақ негізгі және арнайы қорларға ақша аударуды жүргізу;банктардағы несиелер мен қаржыландыруға байланысты құжаттарды ресімдеу; құжаттарды механикаландырып өңдеуге дайындау, бухгалтерлік есеп тіркеуінің жазбаларын жүргізу; түгендеуді жүргізуді және оның нәтижелерін жасауды, бақылау-тексерісті құжаттарды құрастыру, арбитраждар мен сот-тергеу органдарында қарастырылуға сәйкес келетін құжаттарды жасау және дайындау; есеп беруді құрастыру үшін учаскелер жұмыстарына сәйкес деректерді дайындау болып табылады.