Қазақстанда кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік пайда болды.
2017 жылдан бастап “ Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру ” жобасы іске қосылады.
Жобаның мақсаты – алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау.

Ақысыз негізде мектеп түлектері, колледждер мен ЖОО шығып қалған оқушылар және білімі жоқ өзін өзі жұмыспен қамтитын категориялардың өкілдері оқи алады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ең жақсы әлемдік практикаға сүйене отырып, несиелік жүйе бойынша үш тектес мамандыққа дейін меңгеруге мүмкіндік беретін, білім беру бағдарламасын әзірлейді. Ол мамандарға еңбек нарығында талап етілеуге, қажет кезде қанша уақыт өтседе оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді. “ Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру ” жобасы білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың көлемін 40% арттыруға және барлық тегін білім алуға тілек білдіретін адамдарды қамтуға бағытталады.

Қоғам қандай артықшылыққа ие болады:
• жұмыспен қамтуды арттыру жастар арасында әлеуметтік ортаны жақсартады;
• барлық тілек білдіретін адамдарды тегін жұмысшы біліктілігімен және орта буын маманыдығымен толық қамту жұмыссыздық көрсеткішін қысқартады, бұл фактор елдің толықтай экономикасына дұрыс ықпал етеді;
• мамандық алу көбірек табыс табуға мүмкіндік береді – еңбек нарығы білікті мамандарға қызығушылық танытады;
• кәсіпорындар кадрлар тапшлығының мәселесін шешуге мүмкіндік алады.

 Нормативтік - құқықтық актілер:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және "Үкіметтік бағдарламалардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1136 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру қағидалары

 

  • 01 фев, 2019