Бүгін, 30.03.2021 күні электроника және коммуникациялар жоғары колледжінде  "ОП, АТ және байланыс"  арнайы пәндер апталығы аясында ТжКБ  студенттері арасында 1203000 "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығы бойынша аймақаралық олимпиада өткізілді.

Іс-шара "Атамекен" өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының, Жастар бастамаларын дамыту орталығының (ЖДО) және "ҚТЖ Жүк тасымалы" АҚ филиалының - "Павлодар станциясы" МК Павлодар бөлімшесінің қолдауымен өткізілді.

Олимпиадаға Қарағанды теміржол колледжінің, Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің, Екібастұз политехникалық колледжінің және Павлодар жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің студенттері қатысты.

Олимпиада 2 турдан тұрды:

  • I тур – Теориялық (тестілеу) - 60 сұрақ (90 мин)
  • II тур – Практикалық-10 тапсырма (30 мин)

Олимпиада қорытындысы бойынша студенттер дипломдармен және сертификаттармен марапатталды:

 1 дәрежелі Диплом - Седова Арина,  Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі  (69,3 б.)

2  дәрежелі Диплом:

Такеева Элина - Екібастұз политехникалық колледжі  (65,1 б.)

Кушербек Еркежан -  Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі   (69 б.)

3  дәрежелі Диплом:

Кербер Анастасия - Қарағанды теміржол колледжі (65 б.)

Еренсизов Айдар – Қарағанды көлік-технологиялық колледжі (60 б.)

Чурилов Сергей – Қарағанды теміржол колледжі (56,3 б.)

 Олимпиадаға қатысқаны үшін барлығына алғыс айтамыз!

  • 31 мар, 2021