ҚТЖ-да Астана, Павлодар, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы 11 мамандандырылған оқу орындарынан 38 мұғалім біліктіліктерін арттырды. Тренинг теміржол көлігінде қолданылатын инновациялық және заманауи технологияларға арналды. Оқушылар орталықтың заманауи оқу жабдықтарымен танысты. Өндірістік оқу шеберлері теориялық және практикалық білімдерін ортаға салды. ҚТЖ ішкі жаттықтырушылары жеке және іскерлік құзыреттерді дамыту мақсатында тренингтер өткізді.«Теміржолдағы тәжірибелер өзекті, «тірі» кеңестермен бөлісті. Темір жол жетілдіріліп, құрал-жабдықтар жаңартылып, заман ағымына ілесу біздерге, ұстаздарға маңызды болғандықтан, мұндай оқыту курстарының әсері көбірек», - дейді ұстаздар. Тренинг заманауи «Нұрлы-Жол» вокзал кешенін, ҚТЖ орталық мұражайын және облыстық көлікті басқару орталығын аралаумен аяқталды. Білім беру мекемелерімен серіктестік пен салалық жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушыларымен жүйелі жұмыс жасау саланы кәсіби кадрлармен қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылады.

  • 28 ноя, 2023