«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Мұражайына» экскурсия «Тәуелсіздіктің жеті қыры» циклінің «Жаңғыру жолы» атты деректі фильмін көрсету.
Экскурсия видеосы бойынша біздің студенттер кітапхана, архив, музей, талдау, мәдени – білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасымен танысты.
Құрылу тарихынан. 2014 жылғы 13 наурызда Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Президенттің жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерделеу мақсатында құрылған "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы" ММ құрылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Мұражайында 35 400 - ге жуық экспонат сақталуда, оның ішінде электрондық архив қоры 24 734 сақтау бірлігін, кітапхана қоры 1770 дана кітаптар мен баспа басылымдарын, мұражай коллекциясы 8 900 – ден астам сақтау бірлігін құрайды.
Мұражайда бірегей мұрағаттық ғылыми еңбектер мен құжаттар, кітаптар мен сыйлықтардың коллекциялары, марапаттар мен қазіргі Қазақстан тарихына тікелей қатысты басқа да заттар ұсынылған.