2022 жылдың 2 наурызы күні ТҰ АТ (Тасымалдауды ұйымдастыру Автоматика) және Байланыс алдағы арнайы пәндер апталығы шеңберінде «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша «Кәсібі жөнінен үздік» байқауын өткізді. Байқауға ОП-220 тобының студенттері Ахметов Мадияр, Бойческо Игорь, Исенова Зейнеби, Қозыбаков Жанат, Жұмабеков Наурызбек, Черданцева Евника, сонымен қатар ОП-320 тобының студенттері Сайынғазина Айдана мен Федоров Павел қатысты.
Сайыс тапсырмалары төрт кезеңде орындалды, оның бірінші кезеңі дайындық (үй тапсырмасы) болды.

Сайыс барысында студенттер станциялардың техникалық - әкімшілік актісін әзірлеу бойынша тапсырмаларды орындады, станция бойынша кезекшінің өндірістік тапсырмаларын шешті, жүк тасымалдауды ұйымдастыру жөнінен тест тапсырмаларымен жұмыс істеді.
Мұғалімдер байқаудың сарапшы қазылар алқасының құрамында ТПА станциясының кейбір бөлімдерін құрастыру кезінде студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, жүктің қасиеттері бойынша жылжымалы құрамның түрін анықтау мүмкіндігін, тасымалдауға қажетті тасымалдау құжаттарының жинағын толтыру,  пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындау, станцияда маневрлік жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. қабілеттерін саралады.
Студенттер байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалып, станцияны жобалау кезінде күтпеген жерден өздеріне қызықты, қажетті мәліметтерді білді, жүктің қасиеттерімен,  жылжымалы құрамның ерекшеліктерімен танысты.

 

 

 

Ал станция кезекшісі имитациялық  тренажерінде білім сынағын өткізу ең қызықты сәттердің бірі деп айтуға болады!

ОП топтары студенттері арасында өткен «Кәсібі жөнінен үздік» байқауының қорытындысы келесідей:

1 орын - Сайынғазина Айдана;
2 орын - Бойческо Игорь;
3 орын - Исенова Зейнеби;

Қатысушылардың барлығы сабақ барысында меңгерген және бағдарламадан тыс материалдар бойынша білімдері мен дағдыларының  жоғары екенін көрсетті. Студенттер болашақта кәсіби конференцияларға, олимпиадаларға және басқа да жарыстарға қатысуға дайын.

Мұндай шеберлікті шыңдау байқаулары студенттерге өз білімдерін  бағалауға, білімі мен дағдыларын көрсетуге, таңдаған мамандығын жетілдіруге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар жұмыс берушілерге дарынды «кадрларды» табуға мүмкіндік береді.

Өзінің болашақ жоспарларымен бөліскен Айдана Сайынғазина: «Міндетті түрде алға қойған мақсатыма жетіп, таңдаған мамандығым бойынша жұмыс істеймін. Жоғары оқу орнына түсіп, мамандығым бойынша станса кезекшісі болып, кейін  станция басшысы деңгейіне дейін жоғарылау  ойымда бар» - дейді.

  • 03 мар, 2022