10 және 15 наурыз күндері "Тасымалдауды ұйымдастыру, АТ және байланыс" арнайы пәндер апталығы аясында "Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол транспортын басқару" және "Автоматика, телемеханика және темір жол транспортында" мамандықтары бойынша ашық сабақтар өтті.

2022 жылдың 10 наурызы күні Арнайы пәндер мұғалімі Э. С. Мельник ОП - 220 тобында "Поездар қозғалысын интервалдық реттеу жүйесі" бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: конструкция, құрылғы және бұрмалы электрприводтармен жұмыс" жайлы білімді қалыптастыру. Сабақ бағдарлама (130 бұйрық), сонымен қатар STEAM -  білім талаптарына сай ұйымдастырылды. Бұл студенттерді кешенді түрде дайындау жүйесі. Сабақ барысында жекелей және топтастыра оқыту әдістері қолданылды. Сонымен қатар компьютерлік технологиялар және Jamboard онлайн тақтасы қолданылды. Сабақ кезеңдерінің өзара байланысы болды. Сабақтың әр кезеңі "Ғажайыптар алаңы" ойынымен бекітіліп отырды. Мұғалім зерттеу материалдарын өмірмен, мамандықпен байланыстырып, студенттердің білімге деген құштарлығын оята білді.  

 

 

  

2022 жылдың 15 наурызы күні Арнайы пәндер мұғалімі В. В. Исаенко А - 220 тобында "Автоматика және СЦБ дискреттік автоматика негіздері" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: "25 Гц ауыспалы токтың рельстік шынжыры". Сабақтың мақсаты 25 Гц ауыспалы токтың рельстік шынжыры схемасының жұмыс принципі. Сабақ заманауи технологиялар негізінде құрылған. ИКТ, сонымен қатар COOGL - форма (үй тапсырмасын тексеру және жаңа материалды игеру үшін) қолданылды. Сабақ кезеңдері өзара байланысты болды. Мұғалім зерттеу материалдардарын шынайы өмірмен байланыстыра білді. Сабақ мақсатына жету үшін сан түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланылды.

 

  • 17 мар, 2022