Колледжде  2021 жылдың 15-19 наурыз аралығында "ОП, АТ, байланыс" бөлімінің арнайы пәндер апталығы өткізіледі.

2021 жылдың 15 наурызында "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығы бойынша 2-3 курс студенттері арасында "Болашақ магистралі" атты республикалық қашықтық олимпиадасының І туры өткізілді.

Олимпиаданың негізгі міндеттері-кадрларды кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру, республиканың кәсіби білім беру және кадрларды даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау болып табылады.

Конкурстық тапсырмаларға "Жол және станция құрылысы", "Техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі", "Теміржол көлігі қозғалысын ұйымдастыру", "Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру", "Жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру" сияқты пәндер енгізілді.

Олимпиадаға 15 оқушы қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша II турға жоғары ұпай жинай алған 10 оқушы өтті:

Студенттер  мына топтардан  ОП-219 Ланкина, Оразбай  (39 б); Седова (37 б); Федоров (37 б); Кушербек (36 б); Сайынгазина (32 б); Коваль (30 б); Чернышова (29 б); Губерт (28б), Сабинова (28 б).

 

  • 16 мар, 2021