2023 жылғы 30 қарашада  Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде "КАЖсервис" ПОФ  ЖШС қызметкерлеріне арналған  «Қысқы уақытта автомобиль жолдарын күтіп ұстау» тақырыбында  оқыту семинары өткізілді.
Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің басшысы Нығметов Марат Жанатұлы,  ПОФ "КАЖсервис"  ЖШС  бас инженердің м. а. Шайдуллин Мади Габдуллович  сөз сөйледі. 
Екі спикер арнайы пәндер оқытушысы О. Е. Байгутанов «Автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау» тақырыбында  сөйледі.  Арнайы  пәндер оқытушысы Шаймарданова А. К. «Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы автомобиль жолдарының рөлі» тақырыбында сөз алды. 
 Семинарды өткізудің  мақсаты сараптамалық білім алу, кәсіби дағдыларды меңгеру және біліктілігін арттыру болып табылады. 
Мәселелерді қарады және талқылады:
1. Студенттер арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
2. Тыңдаушылардың қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп ұстауға дайындық дағдыларын меңгеруі.
3. Студенттердің ғылыми пікірталас және зерттеу нәтижелерін таныстыру дағдыларын дамыту.
4. Экономиканы дамытудағы автомобиль жолдарының рөлін түсіндіру
Семинарда шешім қабылдауды жүргізіп, талқылаған қатысушылар мен тыңдаушыларға алғысымызды білдіреміз.

  • 01 дек, 2023