«Техникалық және кәсіптік білім беруді белсенді дамыту қажет. «Жас маман» жобасы аясында біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартып жатырмыз. Тегін кәсіптік техникалық білім беру бағдарламасымен жыл сайын 100 мың студент қамтылған.
... ТжКБ-дегі тағы басқа да маңызды реформалар академиялық дербестікті енгізу, кредиттік жүйеге көшу, жан басына қаржыландыруды енгізу болуға тиіс...»
(Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 27 мамырдағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында сөйлеген сөзінен)
«Сапалы білім беру» «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы негізінде «Talap» КЕАҚ ТжКБ жүйесінде біліктілікті арттыру жұмысын жалғастыруда.
Павлодар облысының ТжКБ оқу орындары басшыларының орынбасарлары 15.11.2021 жылдан бастап «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының тиімділігі» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуде. Тыңдаушылардың бірі – «Жоғары Электроника және Коммуникациялар колледжі» ШЖҚ КМК басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Құлахметова Сандуғаш Амантайқызы. Курстың жаттықтырушысы - Қалиева Гүлмира Жақсылыққызы.
Курс бағдарламасына аудиториялық сабақтардан басқа өңірдегі оқу орындарының базасында практикалық оқыту енгізілген. Сондай - ақ тыңдаушылар үшін серіктес колледж базасында оқыту шеңберінде тәжірибе ұйымдастырылды.
Академиялық дербестікті енгізу, кредиттік жүйеге көшу, ТжКОБ жүйесінде жан басына қаржыландыруды енгізу не береді?
Біріншіден, бағдарламалар 100% жаңартылады;
Екінші мүмкіндік - еңбек нарығының қажеттіліктеріне икемді жауап беру және нәтижесінде еңбек нарығына тез шығу;
Үшіншіден, оқытудың жеке траекторияларын белгілеу;
Төртіншіден, модульдік-құзыреттілік тәсілден кредиттік-модульдік тәсілге көшу, яғни оқытудың бастапқы нәтижесін анықтау.
Колледждер академиялық еркіндікке ие болады, бұл білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге, оқу мерзімін қысқартуға, білім сапасын арттырып қана қоймайды және студенттердің мейілінше тезірек жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Әр түрлі біліктіліктер бойынша оқу мерзімі нақты білім беру бағдарламасына және талап етілетін оқу нәтижелеріне байланысты болады.
Колледждер жұмыс берушілермен келісім бойынша кәсіптік стандарттар немесе нарық талаптары негізінде білім беру бағдарламаларын жасап, ҚР БҒМ бағдарламаларының тізіліміне орналастырады және оларға байланысты кадрлар дайындайтын болады.
Жалпы бұл - өндірістегі технологиялық өзгерістерге және еңбек нарығының сұраныстарына бейімделуге мүмкіндік беретінін атап өткім келеді және ТжКОБ жүйесі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін мамандарды даярлайтын болады.