11.02.2023 ж. колледжде Павлодар облысы бойынша ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, полиция майорыҚалқамбеков Д.А. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға анықтаушысыПавлодар облысы бойынша ДП полиция майоры Тусупов Д.Г.Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысының 2023-2024 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріске бірінші курс студенттері қатысты.Дәріс жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық санасын дамыту мақсатында өткізілді.Студенттер құқық бұзушылықтың не екенін және оның қылмыстан айырмашылығын, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатынын, кәмелетке толмаған кезде қылмыс жасаған адамдарға қандай жаза түрлері мен мөлшері қарастырылатынын білді.Дәріс соңында студенттер барлық құқықтық сұрақтарына жауап алды және +77082255099 қолдау нөмірін алды.

 

  • 07 ноя, 2023