Мамандық таңдау мәселесі жоғары сынып оқушыларының алдында әрдайым тұр, ал қазір ол біздің қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты өзекті болып отыр. Оқушылар көптеген жаңа мамандықтар туралы аз ақпарат алады, ал дәстүрлі мамандықтар айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды.

Осыған байланысты Жоғары электроника және коммуникация колледжінің өкілдері атынан Жол және вагон шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Жекенов А.Б.,  "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару" мамандығының арнайы пәндер оқытушысы Искаков Р. Х., "Радиоэлектроника және байланыс" мамандығының  арнайы пәндер оқытушысы Б. Д. Каббасов пен  Павлодар ауданы  білім беру бөлімінің бас маманы Оманова Б. К. бірлесіп жұмыс жасады. Павлодар ауданының мектептерінде, атап айтқанда: Рождественный ЖОМ, Розовка ЖОМ, Новоямышев ЖОМ, Шақат ЖОМ, кемеңгер ЖОМ кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.

Колледж оқытушылары қабылдау, оқыту, тәжірибеден өту, жатақханада тұру шарттары және колледждің тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.

 

Оқушыларға мамандықтар тізімі бар буклеттер мен бейнепрезентация ұсынылды. Әңгіме соңында оқушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

 

  • 08 апр, 2021