ЖЭжКК – Павлодар облысы мен Республикадағы теміржол, автомобиль, телекоммуникация және IT салаларының кәсіпорындары үшін мамандар дайындайтын заманауи оқу орны. Бүгінгі таңда аталмыш білім ошағы Павлодар облысының мектептерімен тығыз байланыс орнатуда. 2022 жылдың 1 наурызында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің оқытушылары Т.А. Мулярчик және В.В. Крутус мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Успенка ауданындағы мектептерді аралады. Бұл орайда аудандық білім бөлімінің маманы А.Н. Сарсенбаева және жергілікті мектеп басшылары үлкен қолдау жасағанын айту ләзім.  

Кездесу барысында Таволжан орта мектебі, Павлов орта мектебі, Галисия орта мектебі, Успенка орта мектебі, №2 және №3 мектептердің 9-11 сынып оқушылары (барлығы 114 оқушы)  колледж туралы ақпараттармен  танысты. Колледж 2022-2023 оқу жылына 9 мамандық бойынша 9,11 сыныпты негізге ала отырып, күндізгі және сырттай оқу нысандарына студенттерді қабылдайтынын білді. Сондай-ақ, колледждің материалдық-техникалық базасы, негізгі әлеуметтік серіктестері, колледждің соңғы 10 жылдағы жетістіктері, студенттердің сабақтан тыс жұмыстары туралы ақпарат берілді. Колледжде вокал, домбыра, робот үйірмелері, түрлі клубтар мен спорт секциялары жұмыс істейтіні мектеп оқушыларының қызығушылығын тудырды. Елді мекендегі жастар жатақханада тұру және ұсынылған бейнебаян негізінде колледжге қабылдау шарттарымен танысты. Өзге де қызықтырған сауалдарға жауап алды.

  Мамандықты дұрыс таңдау – маңызды. ЖЭжКК –нің студенті болуға әркімнің мүмкіндігі бар!

                                                          Колледж мұғалімі: Мулярчик Т.А.

  • 03 мар, 2022