Бүгін 2022 жылғы 20 мамырда студенттерге алдағы республикалық референдумда дауыс беруге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу туралы үндеуі барысында референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтетінін мәлімдеген болатын.  
«Мен 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым. Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жалпыға бірдей дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарға берік ұстанымымызды көрсетеді. Алдағы референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік береді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулер Қазақстанның билік институттарын қалыптастырудың және өзара іс-қимылының сапалы жаңа моделіне көшуін, жаңа саяси мәдениеттің орнығуын білдіреді. 

 

Осыған байланысты, кәмелеттік жасқа толған ЖЭжКК студенттері ҚР Конституциясына енгізілетін түзетулерге қатысты қажетті ақпарат алды және алдағы республикалық референдумда өздерінің азаматтық борышын өтеуге дайын.

  • 20 мая, 2022