Елдің жаңаруына ат салысар бүгінгі жастарға қойылатын талап та жоғары. Әсіресе білімі мен білігі жағынан шапшаң болуы керек, әлемдегі соңғы жетістіктерді жылдам игеріп, ел игілігіне жаратуға талпынауы керек.  Мұндай жалынды жастар біздің арамызда да бар. Мәселен, 19-20 сәуір аралығында облыс орталығында «WorldSkills Pavlodar – 2022» аймақтық чемпионаты өтті. Білім бәсекесіне тайсалмай шығып, бақтарын сынаған ЖЭжКК студенттері А.Қайдаров, А.Жұмабек және осы оқу орнының «Арнайы пән» оқытушысы А. Мұхаметқалиева Павлодар облыстық «ERTIS» телеарнасының «ЖАҢА КҮН» бағдарламасында сұхбат берді. 

 

  • 22 апр, 2022