Колледждің кіші спортзалында 24.01.2024 күні ЖЭжКК  және ПМУ студенттері арасында үстел теннисінен жолдастық жарыстар өтті. 
Жарысқа 20-дан астам адам қатысып, табанды күресте ұлдар арасында С-311 тобынан Қайса Арғын 1 орынды иеленді. 
2 орын П-420 тобынан Төлеубекұлы Рымбек, 3-ші орынды ПО-420 тобынан Мендубаев Мадияр және ОП-420 тобынан Қозыбақов Жанат иеленді. С-212 тобынан Болат Әділжан «Жеңіске деген жігері үшін» дипломымен марапатталды. Қыздар арасында 1-орынды ПО-420 тобынан Алексеева Алиса,  2-ші орынды ПО-213 тобынан  Шиябутдинова Фарида иеленді. Жарысқа қатысқан барлық студенттерге алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!

 

 

  • 26 янв, 2024