8 ақпан күні колледжімізде Ауғанстаннан әскерлердің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған жиын өтті. Бұл кездесуге сол соғыстың екі ардагері: Мұстафин Оразбай Жасауұлы мен Емельянов Сергей Викторович шақырылды. Кездесу жақсы жағдайда өтті, ардагерлер 1 курс студенттерімен өз өмірлерінен сыр шертті.Соғыс жылдарындағы қиын кезеңді әңгімеледі. Жігіттер өте қызығушылық танытып, мұқият тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Студенттер өз кезегінде ардагерлерге зор денсаулық, бақ-береке және олардың жас жігіттерге үлгі болып қала беруін тіледі.

  • 08 фев, 2024