18 наурыз күні «Жоғарғы электроника және коммуникациялар колледжі» ШЖҚ КММ  базасында «Темір жол транспортындағы тасымалдау процесін басқару» құзыреттілігі бойынша BabySkills жаңа форматында 5 пен 7 жас аралығындағы балалар арасында  конкурс өтті.  
Шараның ашылу салтанатында оқу-өндірістік жұмыс бойынша басшының орынбасары А.А. Ахметшайыхов, Арнайы пәндер мұғалімдері мен колледж студенттері жылы лебіздерін білдірді. 
Байқау  балалардың әдемі биі мен теміржол турасындағы әндерімен басталды. Ал келесі кезең тіл дамытуға бағытталды. Жеткіншектер белгілі бір уақыт аралығында түрлі-түсті бояулармен кішкентай паровоздарды бояды. Қазылар алқасы болса олардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі мен ыждаһаттылығына да назар аударды. 

 

 

Үшінші байқау «Шешімін тап» деп аталды.  Қатысушылар темір жол туралы түсініктерін сынға салды. Жылжымалы құрам, локомотив пен вагондар туралы қойылған сауалдарға жауап берді. 
Келесі кезеңде «Дұрыс-бұрыс» деген атаумен тапсырма берілді. Балалар темір жолдардағы қауіп жайындағы білімдерін толықтырды. Ал «Пазлды жина» деп аталатын конкурстың келесі түрі жеткіншектердің көңілінен шықты деп айтуға болады. Олар паровоздар мен жан – жануарлар бейнеленген ашық түсті картинкаларды жылдам жинаудан сынға түсті. 
Финалдық кезеңде балалар 3D макетте поезды басқаруға келесі аудитоияға барды. 
Әр қатысушы «Банан» станциясынан «Ананас» станциясына белгі беру арқылы поездарды жөнелтуге мүмкіндік алды. 
Кішкентайлар тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындады. Қазылар алқасы шығармашылық үрдісті жіті бақылады. Балалар берілген тапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындағандықтан, оларға шын жеңімпазды анықтау оңайға түспеді  деп айтуға болады. Дегенмен, сайыстың аты – сайыс. Нәтижесінде Әлімжан Желқамбаев жеңімпаз деп танылды. Мельник Иванна мен Қозыбақова Ғалия екінші орынды өзара бөлісті. Үшінші орын Әміртай Диас, Серікбай Інжу, Салаханова Дария және Елагин Давидке бұйырды.
Қатысушылардың барлығы, студенттер, ұстаздар қауымы мұндай іс-шаралар болашақта жалғасын табуы тиіс деген пікірде.

  • 18 мар, 2022