2021 жылдың 26 наурызында ZOOM форматында Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің базасында ІІ облыстық кезеңге қатысушыларды іріктеу үшін "Тәжірибе. Идеялар. Инновациялар" атты колледж ішілік педагогикалық шеберлік байқауы ұйымдастырылды және өткізілді.

Конкурстың Мақсаты:

озық педагогикалық тәжірибені анықтау және жалпылау;

білім беру қызметінде әртүрлі нәтижелері мен жетістіктері бар педагогтарды анықтау;

білім беру қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуді ынталандыру және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу;

педагогтардың аттестациядан өтуіне және әкімшіліктің педагог жұмысының сапасын бағалауына қолдау көрсету және көмек көрсету.

Байқау екі бағыт бойынша өткізілді: Оқу-әдістемелік жұмыстар және ғылыми-зерттеу жұмыстары. Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық байқаудың ІІ кезеңінде колледж атынан келесі арнайы пәндер оқытушылары қатысады: Курочкина Нина Владимировна және Каббасов Бакдаулет Дюсембинович.

 

Қатысушыларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!!!

  • 26 мар, 2021