Біздің  колледж студенттері 13.01.2021 күні  " Психоактивті заттардың алдын алу" атты онлайн-семинарына қатысты, оның спикері Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Небельцова болды

Бұл онлайн-семинардың мақсаты: Психоактивті заттар мәселесі бойынша білім алушыларды ақпараттандыру; Психоактивті заттар қолдану себептері мен салдары, мінез-құлықтың ықтимал стратегиялары туралы сенімді ақпарат беру.

Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. А. Небельцова студенттерді есірткіні қолдану себептерімен, есірткіге, темекіге тәуелділік, алкогольдің ағзаға әсері туралы таныстырды

Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша біздің студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, өмірде әркім өзі үшін, әрі үнемі және кез келген жағдайда өз таңдауын жасайтынын түсінді.

 

  • 14 янв, 2021