Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде 2020 жылғы 27 қазанда онлайн форматта "Желілік және жүйелік әкімшілендіру" құзыреті бойынша WorldSkills Pavlodar – 2020 өңірлік чемпионаты өтті.

Желілік және жүйелік басқару ақпараттық технологиялар саласында кең білімді қажет етеді. Осы саланың қарқынды дамуына байланысты әкімшілерге қойылатын талаптар үнемі артып келеді.

Осы құзырет бойынша конкурстық бағдарлама бес модульден тұрды:

- «модуль 1» – Желі конфигурациясы;

- «модуль 2» – Домен контроллерін орнату;

- «модуль 3» – Интернет шлюзін орнату;

- «модуль 4» – Клиенттік компьютерді орнату;

- «модуль 5» – Бұлтты сақтауды орнату

Қатысушылар мамандық бойынша келесі дағдыларды көрсетті:

Сымсыз желі құрылғыларын, коммутаторларды, маршрутизаторларды және ақпаратты қорғау құралдарын орнату және реттеу;

Операциялық жүйелер мен серверлік бағдарламалық жасақтаманың кең жиынтығын пайдалану;

Кәсіпорындар желілерінің қорғалған қосылыстарын, Интернетке қолжетімділікті тиімді ұйымдастыру;

Хаттамалар негізінде желілік қызметтерді орнату және реттеу;

Виртуалды ортаны орнату, реттеу және қолдау;

Ақпараттық жүйелер мен желілердің жұмысындағы ақаулықтарды іздеуді және жоюды жүзеге асыру;

Ақпаратты рұқсатсыз кіруден қорғауды ұйымдастыруа.

   

1304000 "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша 418 топ студенті Любенко Виталий "Желілік және жүйелік әкімшілендіру" құзыреттілігіне қатысты.

  • 29 окт, 2020