Павлодар қаласының Жастар бастамалары орталығында 18 қазанда Республика күнін мерекелеуге арналған квест ойыны өтті. Зияткерлік ойынға колледж командалары қатысты. 3 тур, Қазақстан тарихын білу сұрақтары болды. Біздің колледж командасы құрамы ПО-212 тобының студенттері Амангелді А., Асқарова Р., Бородулина А және Молшаждарова А. 1 орынды иеленді. Жарайсыңдар балалар! Команданы оқытушы А. С. Нургазина дайындады.

  • 18 окт, 2022