Білім күніне арналған салтанатты жиын колледждің мәжіліс залында өтті. Осы оқу жылында облысымыздың мектептерінен 176 оқушы күндізгі оқу түріне бюджеттік негізде оқуға түсті. Алғашқы болып құттықтау сөзді колледж директоры Нығметов Марат Жанатұлы сөйледі: «Жаңа оқу жылымен, жаңа жаңалықтармен, жаңа біліммен құттықтады! Алдағы оқу жылы барлық жоспарларыңызды жүзеге асыруға көмектессін. Өзіңізге сеніңіз, алдыңызға жаңа мақсаттар қойыңыз, сонда сіз оларға міндетті түрде жетесіз! Әрбір жаңа күннен шабыт алыңыз. Оқуда сәттілік болсын!»

  

Бірінші курс студенттерін құттықтауға колледжді бітірген  түлектер, ал қазіргі уақытта жұмыс істеп жүрген "Қазақтелеком" АҚ өкілдері, техникалық Ментор - Елеусизов Дәурен Ержанұлы және "ҚТЖ "ҰК"АҚ - Габбасов Олжас Ерболатұлы-Жолаушылар вагондарын жөндеу бойынша Павлодар учаскесінің шебері шақырылды.

  • 01 сен, 2022