Колледжде "Таза сессия"акциясы басталды. Акция барысында студенттер мен оқытушылар арасында студенттердің ақшалай қаражаттарын заңсыз жинауға жол бермеу туралы ағарту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық брошюралар таратылады.

Іс-шараның басты міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық ұғымын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы іс-қимыл рухында тәрбиелеу болып табылады.

Колледж басшылығы барлық студенттерді ЖЭжКК-дегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу ісіне белсенді қатысуға, сондай-ақ "Таза сессияның" өткізілуін бақылауға және сапалы білім алуға өз құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырады.

  • 22 июн, 2022