2021 жылдың 18 - 22 қазаны аралығында Павлодар станциясындағы қызмет көрсетілетін Желілік полиция бөлімінде "Тоқта, көлік жолы! “ деген атаумен акция өтеді.
Балалардың жарақаттануы мен оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында теміржол транспорты нысанында жеткіншектер мен олардың ата - аналарына теміржол - аса қауіпті аумақ, қауіпсіздік ережелерінің үлкен - кішісі болмайтындығы ескертілді. Теміржол транспортында жарақат алу себебінің басым бөлігі қажетті ережелерге жете мән бермеуде жатыр.
Павлодар станциясындағы Желілік полиция бөлімі мамандары ескертеді:
- теміржол бойында жаяу жүргіншіге бейсауат жүруге қатаң тиым салынады.
- теміржол бойымен тек бес метрден кем емес ара қашықтықты сақтай отырып қана жүруге рұқсат етіледі.
- теміржолды тек жаяу жүргіншіге арналған арнайы белгілері бар жерлер арқылы ғана кесіп өтуге болады.
- жолдан өтерде құлаққап пен ұялы телефонды пайдалануға рұқсат етілмейді.
- тоқтап тұрған вагондарға мінуге болмайды, теміржол 27000 вольттық кернеумен электрленген!