18-қаңтар «Шаңырақ» орталығында «Алаштан қалған аманат!» атты рухани-танымдық  кеш өтті.  Шара қонақтары: Ұларбек Нұрғалым-елімізге белгі ақын, жазушы, «Міржақып».Оян қазақ!», «Ахмет. Ұлт ұстазы»телехикаяларының сценариінің, «Дайағашшы»кітабының авторы және Ықылас Ожайұлы-елімізге белгілі ақын, халықаралық «Рух» сыйлығының иегері Абайтанушы, Алаштанушы. Кездесу барысында авторлардың түсірген фильмдерінен үзінді көрсетілді, көкейкесті сұрақтарға жауаптар алынды. Ал жалпы осы өнер иелерінің сегіз қырлы, бір сырлы екенін байқадық. Олар өз жүректерінен шыққан өлеңдерін оқыды, домбырада тамаша ән айтып, кешті тартымды етті.

  • 20 янв, 2023