2024ж. 29 қаңтарда оқу орнының фойесінде Студенттік Парламент және "Саналы ұрпақ" клубының мүшелері ұйымдастырған "Сенің "ЖОҚ" дегенің маңызды" сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясы өтті. Акцияның мақсаты студенттерге пара алудың салдарын жеткізу идеясы болды. Акцияны ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта арнайы дайындалған брошюралар таратты. Брошюраларда ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың ресми түсіндірмесі, пара белгілері және пара ұсынған немесе бопсалаған жағдайда әрекет ету алгоритмі туралы ақпарат қамтылған.

  • 30 янв, 2024