Ел Тәуелсіздігінің 30  жылдық мерейтойы аясында «ҚР колледждерінің үздік 100 студенті» конкурсы өтіп жатыр. Талантты жастарды қолдау, жұмысшы біліктілігін арттыру  және  білім – дағдыларының арқасында жетістікке жеткен үздік студенттерді анықтауға арналған байқауда еліміздің әр өңірінен он қатысушыдан бақ сынауда. Павлодар облысынан қатысушы он үміткердің қатарында «Жоғары электроника және коммуникация» колледжінің 1203000: «Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол транспортындағы қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқып жатқан 2 курс студенті, «Елбасы медалі» жобасының қатысушысы, волонтерлік қозғалыстардың белсенді мүшесі  Арина Дмитриевна Соколова да бар. Адамдарға пайдалы, жәйлі өмірді қамтамасыз ету - Аринаның өмірлік ұстанымы. Оның болашақ мамандығы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жол жүрген кездегі жайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Ол кез – келген жағдайда жылдам шешім шығара білу, жауапкершілік таныту, ұжыммен тіл табыса білу тәрізді қасиеттерді бойына сіңірген жан. Шәкіртін бәйгеге қосқан ұстаздары болашағынан зор үміт күтеді. Ақпараттық технологиялар кеңістігін мейілінше игеріп, елге қажет маман болуда, Аринаның ел көлемінде үздік 100 студент қатарынан көрінуіне колледж ұстаздары мен колледждің әлеуметтік серіктестері жан-жақты қолдау білдіруде. Ата-анасы, курстас достары оның талабы мен таланты алып шығарына бек сенімді! Біз Арина Соколоваға қолдау көрсеткен баршаларыңызға алғыс білдіреміз! 
Арина Соколова байқаудың аралық қорытындысы бойынша қазір:

- Павлодар облысы бойынша IV орында; 
- Республика бойынша XXXIV орында.
Арина Соколова  - колледж  мақтанышы! Бұл биылғы жылы өзінің 40 жылдығын атап өтіп жатқан «Жоғарғы Электроника және Коммуникациялар» колледжі ұжымы үшін үлкен жетістік! 
Біз Аринаға сенеміз! Алға, «ЖЭиК»!!!

  • 16 ноя, 2021