Қазақстан-бейбітшілік пен келісімде 150-ден астам ұлт өкілдері тұратын көпұлтты ел. Қазақстан халықтары өзара түсіністік пен барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеп бейбіт өмір сүруде. Біздің колледжге Қазақстанда "Республика күні" мерекесін мерекелеу  қарсаңында Пак Людмила Вячеславовнаның төрағалығымен "Павлодар облыстық "Somang" корейлер қауымдастығы " қоғамдық бірлестігі келді. "Павлодар облыстық "Somang" корейлер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі 2021 жылы құрылды. Құрылу мақсаты: Бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту, корей мәдениетін жаңғырту. Орталықта "Кемпитсори" вокалдық ұжымы және "Аньен"би ансамблі жұмыс істейді. Қоғамдық бірлестік орталықтың аз қамтылған отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді, қайырымдылық акцияларына қатысады.

  • 20 окт, 2022