"ТҰ, АТ және байланыс" арнайы пәндер апталығы, "Жас маман" және "STEM білім беру" бағдарламаларын іске асыру аясында 2023 жылғы 15 мамырда Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінде Павлодар қаласы мектептері арасында "Baby Skills Pavlodar-2023" - "Жас қозғалушы" екінші дәстүрлі кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа *Павлодар* қаласының үш мектебінен  4 команда қатысты:

- "Оптимистер" командасының құрамында: Шатов Никита, Гонтарев Макар, Сүлеймен Нұрәлі, (сынып жетекшісі КаирбековаАсия Каиратовна) – "№18 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ өкілдері
https://www.instagram.com/p/CsVPHMytzS9/?igshid=NjZiM2M3MzIxNA==

- «Жас көшбасшылар» командасы құрамында: Соловьёва Полина, Козыбаков Галия, Шарназден Амилия (сынып жетекшісі Мухина Лариса Александровна) - "№33 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ өкілдері
https://instagram.com/33_mektep_pvl?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

- * «Майнкрафт»* командасы құрамында: Азамат Альмира Әділқызы, Гаак Илья, Сидоренков Дмитрий (сынып жетекшісі Мамаева ГульданаЖумабаевна), «М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ өкілдері
https://instagram.com/auezov_mektep_pvl?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

- "Жас ақылды қыздар" командасы құрамында: Меньшекова Ева, Мельник Иванна, Рахимгали Айзере (сынып жетекшісі Нурмакова Мадина Каратаевна), «М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» КММ өкілдері
https://instagram.com/auezov_mektep_pvl?igshid=NTc4MTIwNjQ2YQ==

Чемпионат үш модульден тұрды:

А модулі «Әлеуметтік-коммуникативтік», ол екі сайыстық тапсырмадан тұрады:  "Бояу" және "Саңырау телефон". Бұл модульді арнайы пәндер оқытушылары жүргізді: Гордеева Тамара Фёдоровна мен Мельник Эллина Сергеевна.

Тапсырманы орындау барысында балалар байланыс құралдарымен танысты, теміржол станциясы бойынша кезекшілер, электромеханиктер мен локомотив бригадалары арасында өзара байланыс қалай жүзеге асырылатынын білді.

Сондай-ақ, мектеп оқушылары байланыс ұйымы жабдықтарының мұражай-зертханасына барды.

В модулі «Мен теміржолшы мамандықтары туралы не білемін» екі сайыстық тапсырмадан тұратын: «Маған түсіндірші, досым» және «Жұмбақ құрастыр», онда балалар темір жол көлігімен және мамандықтармен танысты. Сондай ақ стандартты емес жағдайларды шешуде өздерінің тапқырлығын көрсетті.

С модулі "Өнімді" екі конкурстық тапсырмадан тұрды: "Ситуациялық есептерді шешу "және "Жылжыту".

Жарыстар үшін пойыздар бір станциядан екіншісіне жіберілетін, маневрлер орындалатын 3D моделі қолданылды. Қатысушылар "Теміржол өткеліндегі қауіпсіздік" атты танымдық фильмін тамашалады. Қатысушылар теміржол вокзалының кезекшілері және локомотив машинисінің көмекшілері рөлінде болды.

В және С модульдерін арнайы пәндер оқытушылары: Исаенко Василий Васильевич, Курочкина Нина Владимировна, Карашашева Светлана Шампатовна, Кондратьева Любовь Николаевна және  ОП-320 тобының студенттері Бойческо Игорь и Козыбаков Жанат жүргізді.

Чемпионатты білікті қазылар алқасы бағалады:

- Қазылар алқасының төрағасы Замесный Николай Васильевич, «DAR RAIL» ЖШС машинист-инструкторы және қазылар алқасының мүшелері;

- Саденова Зарина Ермековна, жастарды дамыту орталығының инспекторы;

- Каббасов Бакдаулет Дюсембынович, Жоғары электроника және коммуникациялар колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

 

Іс-шара жоғары эмоционалды деңгейде өтті, Чемпионаттың барлық қатысушылары көптеген жағымды эмоциялар мен жағымды әсерлерге ие болды. Барлық жиналғандардың көңіл-күйін көтеріп, залда ду қол шапалақтау тоқтамады.

Әрбір қатысушы өзін көрсете білді, жаңа достар тауып, көптеген жағымды эмоциялар алды. Жарыс күні соңында ұйымдастырушылар барлық төрт командаға 1 дәрежелі дипломдар мен сыйлықтар табыс етті!!!

Лайықты марапат қатысушылар арасындағы достық пен қолдаудың таңғажайып рухына, қатысушылардың жоғары интеллектуалды деңгейіне, стандартты емес мәселелерді шешуде тапқырлық пен зейінділікке байланысты болды. Бір сөзбен айтқанда, чемпионат таңғажайып және жағымды мерекеге айналды, оны барлығы тамашалай алды!

 

  • 19 мая, 2023